Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Тобыл" – "Атырау" матчының есебі неге өзгерді: Қазақстан футбол федерациясы түсіндірді

Опубликовано:

"Тобыл" мен "Атырау" арасындағы ойын
"Тобыл" мен "Атырау" арасындағы ойын. Фото: instagram.com/fctobol

Қазақстан футбол федерациясы ел кубогы аясында "Тобыл" мен "Атырау" командалары арасында өткен ойынның есебі неге өзгергенін түсіндірді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Кеше, 29 мамырда "Тобыл" және "Атырау" командалары арасында футболдан Қазақстан кубогы жартылай финалының алғашқы матчы өтті. Бұл ойында "Тобыл" ұжымы жауапсыз 2 гол соқты. Алдымен 40-минутта Ахмед Эль-Мессауди, кейін Жасұлан Жұмашев 85-минутта мергендік танытты.

Матч аяқталғанға дейін тікелей трансляцияда есеп 2:0 болып тұрды. Алайда ойыннан кейін есеп 1:0 деп жазылды. Қазақстан футбол федерациясы бұл жағдайға қатысты түсініктеме берді.

"Ойын 1:0 есебімен қостанайлықтардың жеңісімен аяқталды. Матчтың 85-минутында бас төреші Артем Кучин VAR төрешісі Данияр Сахимен ақылдаса отырып, "Тобыл" командасының ойыншысы Жасұлан Жұмашевтың салған голын ойын ережесінің бұзылуына (допты қолмен ойнау) байланысты санамау туралы шешім қабылдады.Техникалық ақауға байланысты осы эпизодтағы бас төрешінің шешімі тікелей эфирде көрсетілмеді", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, "Тобыл" мен "Атырау" арасындағы қарымта ойын 19 маусымда өтеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2109570-tobyl-atyrau-matchynyng-esebi-nege-ozgerdi-qazaqstan-futbol-federatsiiasy-tusindirdi/