jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ардақ Құлтай
    Ардақ Құлтай
    Бұрынғы қызметкер

    Криштиану Роналду командасының финалдағы жеңілісінен кейін көз жасына ерік берді

    Криштиану Роналду
    Криштиану Роналду: Yasser Bakhsh/Getty Images

    "Әл-Насыр" футбол клубының ойыншысы Криштиану Роналду Сауд Арабиясы королі кубогындағы финалда командасының жеңілісінен кейін көз жасына ерік берді. Бұл туралы Alekhbariya хабарлады.

    Джидда қаласында өткен финалда "Әл-Насыр" "Әл-Хилялға" қарсы ойнаған. Негізгі уақытта командалар бір-бірден гол соққан. "Әл-Хилял" сапында серб шабуылшысы Александр Митрович (7-минут) көзге түсті, ал "Әл-Насыр" командасында сауд форварды Айман Яхья гол салды (88-минут).

    Сондай-ақ негізгі уақытта бас төреші үш рет қызыл қағаз берді. "Әл-Хилялдың" екі ойыншысы алаңнан қуылса, "Әл-Насыр" құрамында бір адам қызыл қағаз алды.

    Экстра-таймда командалар гол соға алмады. Пенальтилер сериясында "Әл-Насыр" ойыншылары екі рет допты қате тепті. Осылайша Сауда Арабиясы чемпионатының чемпионы "алтын дубль" жасап, Ұлттық кубок иегері атанды.

    Роналду пенальтиден гол салған. Бірақ ойын аяқталған соң көз жасына ерік берді. Форвард алаңда да, қосалқы ойыншылар орындығында да эмоциясын жасыра алмады.

    Бұл маусымда португал футболшысының командасы трофейсіз қалды. Роналду сауд командасындағы бір жарым жылында Араб лигасы чемпиондары турнирінде ғана жеңіске жеткен.

    Криштиану Роналду командасының финалдағы жеңілісінен кейін көз жасына ерік берді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.