jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Рамазан Есмағамбетов
    Рамазан Есмағамбетов
    Бұрынғы қызметкер

    Қазақстан футбол федерациясы жаңа бапкердің жалақысы жайлы ресми мәлімдеме жасады

    Станислав Черчесов
    Станислав Черчесов. Фото: Patrick Smith - FIFA/FIFA via Getty Images

    Қазақстан футбол федерациясы ұлттық құраманың жаңа бас бапкері Станислав Черчесовтың жалақысына қатысты мәлімдеме жасады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ ҚФФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

    Бұған дейін БАҚ-та футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының жаңа бас бапкері жылына 1,2 миллион доллар көлемінде жалақы алатыны туралы ақпарат пайда болған еді.

    "Кейбір бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының жаңа бас бапкері Станислав Черчесовтің жалақысы туралы ақпарат асыра көрсетілген және шындыққа жанаспайды.

    Келісімшарттың құпиялығын сақтай отыра бапкердің жалақысы жария етілмейтінін хабарлаймыз. Келісімшарт бюджет тарапынан қаржыландырылмайды.

    Ал Магомед Адиевпен келісімшарт екі жақтың келісімімен тоқтатылды", - делінген хабарламада.

    Қазақстан футбол федерациясы жаңа бапкердің жалақысы жайлы ресми мәлімдеме жасады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.