jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Украина және Германия құрамалары Еуро-2024 турнирі алдында жолдастық матч өткізді

    Футболдан Украина және Германия құрамаларының ойыншылары
    Футболдан Украина және Германия құрамаларының ойыншылары. Фото: Alex Grimm/Getty Images

    2024 жылғы Еуропа чемпионатына дайындық ретінде өткен Украина және Германия құрамалары арасындағы жолдастық кездесу тең аяқталды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Кездесу Нюрнбергтегі "Макс Морлок Штадион" кешенінде өтіп, голсыз аяқталды. 89-минутта Артем Довбик қақпашы Мануэль Нойердің өрескел қателігінен кейін гол салды. Бірақ төреші офсайдқа байланысты бұл голды есептеген жоқ.

    Екі команда үшін бұл кездесу Еуропа чемпионатына дайындықтың бір бөлігі болды. Немістер өз елінде өтетін турнирде Шотландия, Венгрия және Швейцариямен бірге "А" тобында ойнайды. Украиналықтар "Е" тобына түсті. Олардың қарсыластары Бельгия, Словакия және Румыния болады.

    Еуро-2024 турниріне қатысатын басқа да құрамалардың жолдастық кездесулердегі нәтижелері:

    • Гибралтар – Шотландия. 0:2;
    • Хорватия – Солтүстік Македония. 3:0;
    • Албания — Лихтенштейн. 3:0;
    • Англия — Босния және Герцеговина. 3:0.

    Айта кетейік, 2024 жылғы Еуропа чемпионаты 14 маусым мен 14 шілде аралығында Германияда өтеді. Оған 24 елдің футбол құрамасы қатысады.

    Украина және Германия құрамалары Еуро-2024 турнирі алдында жолдастық матч өткізді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.