jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Франция соты Марадонаның "Алтын добын" сатуға тыйым салды

    Диего Марадона
    Диего Марадона. Фото: PASCAL GEORGE/AFP via Getty Images

    Франция соты футбол аңызы Диего Марадонаға тиесілі "Алтын допты" сатуға тыйым салды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Mundo Deportivo басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

    Басылымның мәліметінше, Aguttes аукцион үйі "Алтын допты" 6 маусымда cатылымға шығармақ болған. Бұл спорт тарихындағы ең қымбат лот болуы мүмкін еді. Алайда аукционға бірнеше күн қалғанда сатылым тоқтатылды.

    Марадонаның мұрагерлерінің айтуынша, жоғалғаннан соң 2016 жылы табылған "Алтын доп" 1989 жылы Неапольдегі банк сейфінен ұрланған. Версаль апелляциялық соты трофейді сатуға тыйым салды және оның төңірегіндегі дау шешілгенше тәркілеу туралы шешім қабылдады.

    Айта кетейік, Диего Марадона 1986 жылғы әлем чемпионатында үздік ойыншы ретінде "Алтын доп" сыйлығын алды. Аңыз футболшы 2020 жылы 60 жасында қайтыс болды.

    Франция соты Марадонаның "Алтын добын" сатуға тыйым салды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.