jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Алғаш рет ұлттық құрамаға шақырылған қазақстандық футболшы ауыр жарақат алып қалды

    Әділхан Добай
    Әділхан Добай. Фото: sportplustv.kz

    Талдықорғандық "Жетісу" футбол клубының ойыншысы Әділхан Добай шымкенттік "Ордабасыға" қарсы ойында жарақат алып қалды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Sport Plus Qazaqstan телеарнасының ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

    Шетелдік дәрігерлер Әділхан тізе жарақатын (айқыш байламының үзілуі) алғанын айтты. Футболшы Германияда ота жасатып, 6 айдан 8 айға дейін созылатын ем қабылдауы қажет.

    22 жастағы Әділхан өткен маусымда "Мақтааралда" ойнаса, оған дейін "Ордабасыда" өнер көрсеткен. Ол осы маусымда "Жетісу" сапында 8 матч өткізіп, бір гол соқты және нәтижелі паспен көзге түсті. Сондай-ақ алғаш рет Қазақстан ұлттық құрамасының Армения мен Әзірбайжан құрамаларына қарсы жолдастық кездесулеріне шақырту алған еді.

    Қазақстан футбол федерациясының ресми сайтындағы ақпаратқа сүйенсек, Әділханның орнына ұлттық құрамаға "Елімайдың" ойыншысы Михаил Габышев шақырылды.

    Бүгін, 7 маусымда Қазақстан құрамасы Арменияға қарсы жолдастық матч өткізеді. Ойын Астана уақытымен 21:00-де басталады және Qazsport телеарнасында тікелей эфирде көрсетіледі.

    Алғаш рет ұлттық құрамаға шақырылған қазақстандық футболшы ауыр жарақат алып қалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.