Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Футболшыларға сұрағым бар": Черчесов Қазақстан құрамасының жеңілісі туралы пікірін айтты

Жарияланған күні:

Cтанислав Черчесов
Cтанислав Черчесов. Фото: kff.kz

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының жаңа бас бапкері Станислав Черчесов команданың жолдастық матчтардағы ойынына баға берді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Meta-ratings cайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Кеше, 11 маусымда Қазақстан құрамасы Әзербайжан командасына қарсы жолдастық кездесуде 3:2 есебімен жеңіліп қалған еді. Оған дейін, 7 маусымда ұлттық құрама Арменияға да есе жіберді.

"Қазақстан құрамасының екі жолдастық кездесуін де көрдім. Ереванда команда ойынды нашар бастап, алғашқы минуттарда гол жіберіп алды. Ал бүгін жігіттер басқаша ойнады, тіпті бірінші таймның орта тұсында есепте алда тұрды. Белгілі бір уақытта допқа Әзербайжан иелік ете бастады. Әзірге допты неліктен қарсыластарға беріп қойғанын түсінбедім. 

Бұл жолдастық кездесу, екі команда да шабуылға қарағанда қорғаныста өте нашар ойнады. Матчтан соң киім ауыстыратын бөлмеге кіріп, жігіттерге қай тұрғыда жұмыс істеу керек екенін айттым. Себебі біз қыркүйектегі ойындарға дейін қателіктерді түзеуіміз керек.

Жолдастық кездесулер команданы бір тексеріп алу үшін қажет: бүгін резервтегі екі қақпашы және жас футболшылар алаңға шықты. Жігіттерге қояр сұрақтарым бар, бірақ мұның бәрі жұмыс барысында шешілетін дүние", - деді Черчесов.

Еске салайық, 3 маусымда Станислав Черчесов футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері болып тағайындалған еді. Осыған дейін бұл қызметті Магомед Адиев атқарды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2115909-futbolshylarga-suragym-bar-cherchesov-qazaqstan-quramasynyng-zhengilisi-turaly-pikirin-aitty/