jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Арқалық Қуанған
    Арқалық Қуанған
    Бұрынғы қызметкер

    Украина құрамасы Еуро-2024-те ерекше қорғауда болады

    Футболдан Украина және Германия құрамаларының ойыншылары
    Футболдан Украина және Германия құрамаларының ойыншылары. Фото: Alex Grimm/Getty Images

    Германияның Ішкі істер министрі Нэнси Фезер Bild порталына берген сұқбатында Украина футбол командасы үшін Еуропа чемпионаты кезінде арнайы қауіпсіздік шараларын қарастыратынын жеткізді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Құрлықтық біріншілік Германияда еліміздің уақыты бойынша 14 маусымнан 15 маусымға қараған түні басталады. Соның ішінде Украина құрамасы 24 қатысушының бірі саналады.

    "Әрине, бұл команда ерекше қорғауда. Бұл біз үшін ерекше сынақ және біз олар үшін қауіпсіздікті қамтамасыз етуге дайындалып жатырмыз", - деді Фезер.

    Сондай-ақ министр террористік қауіптің деңгейін жоғары деп атады. Алайда Фезердің айтуынша, алаңдауға "нақты себеп" жоқ.

    "Қауіпсіздік - біздің басты міндетіміз. Бірнеше жыл бойы полиция барлық мүмкін оқиғаларға дайындалды. Әрине біз исламистік шабуылдардың, қатыгез бұзақылар мен жанкүйерлер арасындағы зорлық-зомбылықтың, сондай-ақ кибершабуылдардың қаупін көріп отырмыз", - деді Фезер.

    Айта кетейік, Германиядағы футболдан Еуропа чемпионаты 14 шілдеге дейін жалғасады.

    Материал авторы: Ахмет Қамшыбек

    Украина құрамасы Еуро-2024-те ерекше қорғауда болады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.