jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Еуро-2024: Испания құрамасы Италияны ұтып, плей-оффқа жолдама алды

    Футболдан Испания құрамасының ойыншылары
    Футболдан Испания құрамасының ойыншылары. Фото: Kevin C. Cox/Getty Images

    Футболдан Еуропа чемпионатының екінші турында Испания құрамасы Италияны жеңіп, 1/8 финалға жолдама алды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    B тобындағы екі құраманың ойыны Гельзенкирхенде (Германия) өтіп, 1:0 есебімен аяқталды. Алғашқы таймда есеп ашылған жоқ. Ал екінші таймда Италия құрамасының ойыншысы Риккардо Калафиори (55-минутта) өз қақпасына гол соғып алды. Осылайша, испаниялықтар жеңіске жетіп, 6 ұпаймен B тобында көш бастады және 1/8 финалға шықты.

    Айта кетейік, Испания құрамасы бірінші турда Хорватияны 3:0 есебімен ұтса, италиялықтар Албания командасынан 2:1 есебімен басым түскен еді. Италия құрамасы – Еуро-2020 турнирінің чемпионы.

    Енді B тобындағы құрамалар 24 маусымда үшінші турда кездеседі. Хорватия мен Италия, Албания мен Испания командалары өзара бақ сынайды.

    Германияның 10 қаласында өтіп жатқан Еуропа чемпионатында 24 құрама бақ сынап жатыр. Топтық кезең 26 маусымға дейін жалғасса, плей-офф кезеңі 29 маусымда басталады.

    Еуро-2024: Испания құрамасы Италияны ұтып, плей-оффқа жолдама алды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.