jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Еуро-2024: Албания құрамасы Испанияға есе жіберіп, турнирден шығып қалды

    Футболдан Албания құрамасының ойыншылары
    Футболдан Албания құрамасының ойыншылары. Фото: INA FASSBENDER/AFP via Getty Images

    Футболдан Еуропа чемпионатының үшінші турында Албания құрамасы Испаниядан жеңіліп қалып, жарысты аяқтады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    B тобындағы екі құрама Дюссельдорфта (Германия) кездесті. Бұл ойын 0:1 есебімен аяқталды. Жалғыз голды 13-минутта Испания құрамасының ойыншысы Ферран Торрес салды.

    Айта кетейік, Албания командасы осыған дейін Италиядан 2:1 есебімен ұтылса, Хорватиямен тең ойнаған болатын (2:2). Осылайша, албаниялықтар үш турдың қорытындысы бойынша 1 ұпай ғана жинап, B тобында соңғы орынға жайғасты да, жарыстан шығып қалды.

    Ал Испания құрамасы Хорватияны 3:0, Италияны 1:0 есебімен жеңген еді. 9 ұпай жинаған испаниялықтар плей-офф кезеңіне бірінші орынмен өтті.

    Футболдан Еуропа чемпионаты Германияның 10 қаласында өтіп жатыр. Топтық кезең 26 маусымға дейін жалғасса, плей-офф кезеңі 29 маусымда басталады. Турнирдің финалы 14 шілдеде Берлиндегі "Олимпиада" стадионында болады.

    Еуро-2024: Албания құрамасы Испанияға есе жіберіп, турнирден шығып қалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram