jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ахмет Қамшыбек
    Ахмет Қамшыбек
    Бұрынғы қызметкер

    "Тобыл" Еуропаның үздік лигасындағы футболшымен келісімшартқа отырды

    Футболшы Руи Кошта
    Футболшы Руи Кошта. Фото: Jose Manuel Alvarez/Quality Sport Images/Getty Images

    Қостанайлық "Тобыл" футбол клубы Португалия жоғары дивизионында өнер көрсеткен шабуылшы Руи Коштамен келісімшартқа отырды. Бұл туралы "Тобыл" футбол клубының басшысы Әлімжан Қалдияр өзінің Instagram желісіндегі ресми парақшасында жариялады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Бұл трансфер жөнінде "Тобыл" футбол клубының басшысы Әлімжан Қалдияр:

    "Трансферлік кезеңнің бірінші күні біз шабуылшымен келісімшарт жасастық. 7 айдың ішінде біз 300-ден астам шабуылшыға талдау жүргіздік. Біз бұл мәмілені жариялауға қуаныштымыз, командаға қош келдіңіз!", - деді Әлімжан.

    28 жастағы португалиялық шабуылшы Руи Кошта бұған дейін Португалия жоғары дивизионында өнер көрсететін "Фаренсе" футбол клубының негізгі құрамында ойнаған. 2023/24 маусымда ол 25 ойын өткізіп, 5 гол соғып, 3 нәтижелі пас берген. Осы маусымды "Фаренсе" футбол клубы Португалия чемпионатын 10-орынмен тәмамдаған.

    "Тобыл" футбол клубымен арадағы келісімшарт мәселелерінің мән-жайы әлі белгісіз.

    Transfermarket порталының мәліметінше, Руи Коштаның трансферлік құны 500 мың еуроға бағаланды.

    "Тобыл" Еуропаның үздік лигасындағы футболшымен келісімшартқа отырды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.