jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ахмет Қамшыбек
    Ахмет Қамшыбек
    Бұрынғы қызметкер

    Еуро-2024: Румыния мен Словакия тең ойнап, плей-оффқа жолдама алды

    Футболдан Словакия мен Румыния құрамаларының ойыншылары
    Футболдан Словакия мен Румыния құрамаларының ойыншылары. Фото: Simon Stacpoole/Offside/Offside via Getty Images

    Еуро-2024 турнирінің Е тобында өнер көрсететін Словакия мен Румыния құрамалары үшінші тур аясында кездесті. Бұл матчта қос команда 1:1 есебімен тең тарқасты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Топтық кезеңнің бұл соңғы әрі шешуші ойыны "Франкфурт Арена" стадионында өтті.

    Матчтың 24-минутында Словакия құрамасының жартылай қорғаушысы Ондрей Дуда гол соғып, ойынның есебін ашты.

    Ондрей Дуданың Румыния қақпасына соққан голы
    Ондрей Дуданың Румыния қақпасына соққан голы. Фото: Arne Dedert/picture alliance via Getty Images

    Бұл ретте Румыния құрамасының ойыншылары да аянып қалмады. Рэзван Марин ойынның 37-минутында пенальтиді мүлтіксіз орындап, есепті теңестірді.

    Рэзван Мариннің Словакия қақпасына соққан голы
    Рэзван Мариннің Словакия қақпасына соққан голы. Фото: Torsten Silz/picture alliance via Getty Images

    Ойын соңына дейін осы есеп сақталып, Румыния мен Словакия құрамалары 1:1 есебін тіркеді.

    Осылайша, Е тобындағы құрамалардың бәрі дерлік 4 ұпайға ие болды. Бірақ гол айырмашылығы бойынша Румыния мен Бельгия алғашқы орындарды бөлісіп, плей-оффқа тікелей жолдама алды. Сондай-ақ үшінші орынға тұрақтаған Словакия құрамасы да плей-оффта өнер көрсететін болды. Ал 4 ұпай жинақтаса да, топта соңғы орынға ие болған Украина құрамасы Еуро-2024 біріншілігімен қош айтысты.

    Айта кетейік, топтық кезеңде бірінші және екінші орын алған құрамалар, сондай-ақ әр топта үшінші орынды межелеген құрамалар арасында нәтижесі жоғары ең үздік төртеуі плей-оффқа жолдама алады.

    Германиядағы Еуропа біріншілігінде 24 құрама бақ сынап жатыр. Топтық кезеңнің ойындары бүгін, 26 маусымда аяқталады, F тобының үшінші тур аясындағы ойындары 00:00-де басталады. Ал плей-офф кезеңіндегі матчтар 29 маусымда бастап өтеді.

    Еуро-2024: Румыния мен Словакия тең ойнап, плей-оффқа жолдама алды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.