jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ахмет Қамшыбек
    Ахмет Қамшыбек
    Бұрынғы қызметкер

    "Сен шешен азаматысың, елге қайт": Адиев Рамзан Қадыровпен телефон арқылы сөйлескенін айтты

    Магомед Адиев
    Магомед Адиев. Фото: Liam McBurney / PA Images / Getty Images

    "Ахмат" футбол клубының бас бапкері Магомед Адиев грозныйлық клубқа оралмас бұрын Рамзан Қадыровпен телефон арқылы сөйлескенін айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Championat.com сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

    "Рамзан Қадыров "Ахматқа" бапкер болып тағайындалар алдында маған қоңырау шалып былай деді: "Магомед, сен өзіміздің шешенсің, сондықтан елге оралуың керек және біздің клубта жұмыс істеуің қажет", - дейді Магомед Адиев.

    46 жастағы ресейлік маман Магомед Адиев "Ахмат" клубында 2024 жылғы 5 сәуірден бастап бапкерлік қызметіне кірісті. Бұған дейін 2018 және 2019 жылдары грозныйлық клубта ассистент болып жұмыс істеген.

    Адиевтің басшылығымен "Ахмат" клубы тоғыз матч өткізіп, бес жеңіске жетіп, төрт жеңіліске ұшырады.

    "Сен шешен азаматысың, елге қайт": Адиев Рамзан Қадыровпен телефон арқылы сөйлескенін айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.