Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Маған не үшін ренжіп жатқанын түсінбеймін": Әлібек Қасым "Қайрат" жанкүйерлерінің ренішіне қатысты пікір білдірді

Опубликовано:

Әлібек Қасым
Әлібек Қасым. Фото: Jose Breton/Pics Action/NurPhoto via Getty Images

Футболдан Қазақстан құрамасы мен "Ақтөбе" клубының қорғаушысы Әлібек Қасым BorodAbata YouTube арнасына берген сұқбатында "Қайраттың" жанкүйерлері туралы айтты. Сондай-ақ ол алматылық клубқа деген реніші туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

– "Қайрат" футбол клубының жанкүйерлерімен қарым-қатынастарың нашар. Матчтың алдында, матчтан кейін саған әртүрлі сөздер айтады. Бірақ сен гол соғып, оны "Қайрат" жанкүйерлерінің алдында атап өтуге тырысасың.

– Бұл жағдай былтыр "Қайртпен" өз алаңымыздағы ойында орын алған. Ойын алдында қыздырынып жатқан кезде жанкүйерлер жаман сөз айтып "өлеңдетті". Сол уақытта біз жігіттермен сол нәрсеге күліп отырғанбыз. Содан кейін: "Бүгін оларға көрсетемін", - деп айттым. Өйткені бұлай болмайды. Егер ата-аналарым бұндай сөздерді естісе, менің жүрегіме қатты тиеді. Бұл мен үшін принципиалды сәт болып қалды. Бірақ бұл маған ұнады, себебі жүрегіме от бергендей болды. Алматыдағы ойында да осындай жағдай болған еді. Ол кезде мен іштей өзімді қамшыладым.

– Негізі, "Қайратқа" ренішің бар ма?

– Ешқандай ренішім жоқ. Жанкүйерлердің маған не үшін ренжіп жатқанын түсінбеймін. Мен "Қайрат" қақпасына алғашқы голымды 2021 жылы "Қызылжар" сапында ойнап жүрген кезде соқтым. Мен бұл голды тойламадым, тек қолымды көтердім. Ал алматылық клубқа салған екінші голымды тойладым. Мен "Қайрат" қақпасына голды тойлаудан үнемі бас тарта алмаймын, өйткені мен ол клубтың аңыз ойыншысы емеспін. Мен "Қайрат" үшін 100 матч өткізген жоқпын. Мен "Қайрат" сапында бір ғана ресми кубоктық ойынға қатыстым, оның өзінде алаңға 15 минутқа шықтым. Мен "Қайрат" қақпасына алғашқы голды тойлаудан бас тартып, құрметімді көрсеттім. Оларға қатысты қатты сөз айтпадым. Келесі жолы мен "Қайрат" жанкүйерлерінің алдында голды тойлауды қоятын секілдімін, себебі көп адамдар "қатты жараспайды, өзіңді жоғары ұстауың керек" деп айтып жатыр. Эмоцияға берілмей, өзімді ұстауға тырысу керек.

Еске салайық, Әлібек Қасым алматылық "Қайраттың" тәрбиеленушісі. 2022 жылдың ақпан айынан бастап орталық қорғаушы "Ақтөбе" клубының сапында ойнайды. Осы маусымда ақтөбелік клубта 11 ойын өткізіп, 1 гол соғып, 1 нәтижелі пас берген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2124987-magan-ne-ushin-renzhip-zhatqanyn-tusinbeimin-alibek-qasym-qairat-zhankuierlerining-renishine-til-qatty/