jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    "Эмоцияға беріліп кеттім": Қазақстан құрамасының футболшысы жанкүйерді балағаттады (видео)

    Бағдат Қайыров
    Бағдат Қайыров. Фото: instagram.com/kairovbagdat

    "Ақтөбе" футбол клубының және Қазақстан құрамасының ойыншысы Бағдат Қайыров жанкүйерді балағаттап, кейін осы әрекеті үшін кешірім сұрады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Кеше, 30 маусымда Қазақстан Премьер лигасының 13-туры аясында "Ақтөбе" ұжымы "Тобылға" қарсы ойнап, 3:4 есебімен жеңіліп қалған еді.

    Матчтан соң "Ақтөбе" ойыншысы Бағдат Қайыров жанкүйерлердің біріне бейәдеп сөздер айтқан. Бұл оқиғаның видеосы желіде тарап кетті. Кейін Қайыров Instagram желісіндегі парақшасында жанкүйерлерден кешірім сұрады.

    "Құрметті жанкүйерлер! Ойыннан кейінгі ситуация үшін кешірім сұраймын, қандай жағдай болмасын олай айтқан дұрыс емес, эмоцияға беріліп кеттім. Кейін ол жігітпен кездестім, бір-бірімізден кешірім сұрадық.

    Жанкүйерлер әрдайым клуб үшін уайымдайды, сын болса көтере білу керек. Қай ойыншы шықса да командаға көмектескісі келеді, бүгінгі ойын біз үшін сәтсіз болды", - деп жазды футболшы.

    Ескерту! Төмендегі видеода бейәдеп сөздер бар!

    "Эмоцияға беріліп кеттім": Қазақстан құрамасының футболшысы жанкүйерді балағаттады (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.