jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ахмет Қамшыбек
    Ахмет Қамшыбек
    Бұрынғы қызметкер

    Қазақстандық клуб Чемпиондар лигасында ойнаған футболшыны құрамына қосты

    Душан Йованчич
    Душан Йованчич. Фото: Srdjan Stevanovic/Getty Images

    Петропавлдық "Қызылжар" футбол клубы сербиялық жартылай қорғаушы Душан Йованчичтің трансфері туралы хабарлады. Бұл туралы клубтың Instagram желісіндегі парақшасында жарияланды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Йованчич қазақстандық жанкүйерлерге таңсық емес. Бұған дейін ол "Тобыл" мен "Астана" клубтарында өнер көрсеткен. Қостанайлық клубтың құрамында сербиялық ойыншы ел чемпионы және екі рет Қазақстан Суперкубогының иегері атанды. Ал елордалық клуб сапында Йованчич ҚПЛ мен Суперкубоктың күміс медальдарын жеңіп алды.

    2018-2020 жылдар аралығында Душан Йованчич "Црвена Звезда" клубында өнер көрсетіп, Сербияның екі дүркін чемпионы атанды және Чемпиондар лигасында ойнады.

    Йованчич "Қызылжар" футбол клубының ауыспас бұрын грекиялық "Кифисияда" осы жылдың ақпан айынан маусымға дейін ойнады. Осы уақыт ішінде ол 7 матч өткізіп, 1 гол соқты.

    Футболшы өзінің мансабында түркиялық "Ризеспор", сербиялық "Воеводина", "Борац" (Чачак), "Земун", "Шумадия" клубтарында өнер көрсетті.

    Қазақстандық клуб Чемпиондар лигасында ойнаған футболшыны құрамына қосты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.