jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    "Техника да, құрылысшылар да көрінбейді": Шымкентте жаңа стадионның құрылысы неге әлі басталмаған

    Шымкентте салынатын жаңа стадионның құрылыс алаңы
    Шымкентте салынатын жаңа стадионның құрылыс алаңы. Скриншот: instagram.com/aladopkz

    Шымкентте 28 маусымда капсуласы салынған жаңа стадионның құрылысы әлі басталмаған. Мұның себебін қалалық спорт басқармасы өкілдері айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Instagram желісіндегі Aladop парақшасында Шымкенттегі жаңа стадионның құрылыс алаңына барған азаматтың видеосы жарияланды. Ол ешқандай стадион салынып жатпағанын айтты.

    "Шымкенттегі стадионның құрылыс алаңына келдім. Бір апта бұрын құрылыс басталды деген еді. Бірақ мұнда ешкім жоқ. Техника да, құрылысшылар да көрінбейді. Әкім мырза, не мынау?", - деді видео авторы.

    KAZ.NUR.KZ тілшісі осы мәселеге байланысты Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасына хабарласып көрді.

    "Құрылыс алаңына капсула салынды, бірақ бұл құрылыс басталды деген сөз емес. Жаңа стадионның құрылысы басталатын жерде 176 жер телімі анықталды. Соның 100-ден астамы заңдастырылып, капсула салынды. Енді жер толықтай заңдастырылғаннан кейін ғана құрылыс жұмыстары жүргізіледі. Құрылыс 2024 жылдың екінші жарты жылдығында, желтоқсанға дейін басталады", - деді басқарманың баспасөз хатшысы.

    Еске салайық, Шымкенттегі Тұран-2 шағын ауданында жаңа стадионның құрылыс алаңына капсула салу рәсімі өткенін жазған едік. Аумағы 21 гектар болатын стадион 2026 жылы салынып бітеді деп жоспарланып отыр. Жаңа спорт нысаны халықаралық матчтарды өткізуге арналған УЕФА талаптарына сәйкес салынбақ.

    "Техника да, құрылысшылар да көрінбейді": Шымкентте жаңа стадионның құрылысы неге әлі басталмаған

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.