jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Қазақстан чемпионаты тарихында ең көп гол соққан футболшы "Тобылдың" бас бапкері атанды

    Нұрбол Жұмасқалиев
    Нұрбол Жұмасқалиев. Фото: fctobol.kz

    Нұрбол Жұмасқалиев қостанайлық "Тобыл" футбол клубының бас бапкері болып тағайындалды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ клубтың ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

    Нұрбол Жұмасқалиев бұрын "Тобыл" футбол клубында ойнап, барлық турнирде 500-ден астам матчқа қатысқан.

    "Нұрбол Жәрдемұлы команда ойыншыларымен, жалпы Қостанай футболының тарихымен жақсы таныс. Клубтың аңыз ойыншысы екені футболсүйер қауымға белгілі. "Тобыл" сапындағы алғашқы ойынын сонау 2000 жылы өткізді.

    Жұмасқалиев Премьер лигадағы гол соққандар тізімінде рекордшы. Жартылай қорғаушы қостанайлық клубпен ел чемпионатын, Кубокты және медальдардың барлық жиынтығын жеңіп алды. Қазақстанның үздік ойыншысы және жартылай қорғаушысы атанды", - делінген "Тобылдың" хабарламасында.

    Айта кетейік, қостанайлық команда қазір Қазақстан Премьер лигасының кестесінде 19 ұпаймен 4-орында тұр.

    Қазақстан чемпионаты тарихында ең көп гол соққан футболшы "Тобылдың" бас бапкері атанды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.