jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ахмет Қамшыбек
    Ахмет Қамшыбек
    Бұрынғы қызметкер

    "Астана" футбол клубы 100 миллион теңгеге нигериялық футболшыны сатып алды

    Чинеду Джеффри
    Чинеду Джеффри. Скриншот: instagram.com/fca.astana

    "Астана" футбол клубы өз құрамын нигериялық шабуылшы Чинеду Джеффримен толықтырды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ елордалық клубтың ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

    Нигериялық шабуылшымен арадағы келісімшарт 2,5 жылға көзделген.

    Чинеду Джеффридің бойы 193 сантиметр. Футболшы албаниялық "Беса" құрамында өнер көрсеткен. Сонымен қатар Солтүстік Македонияның "Работниски" клубының сапында ойнап, 12 гол соғып, чемпионаттың қола жүлдегері атанды. Сондай-ақ "Астана" футбол клубының жаңа ойыншысы Финляндия чемпионатында өнер көрсететін "Лахти" клубының сапында ойнап, 19 гол соққан.

    Transfermarket порталының мәліметінше, Чинеду Джеффридің трансферлік құны – 200 мың еуро (шамамен 100 миллион теңге).

    "Астана" футбол клубы 100 миллион теңгеге нигериялық футболшыны сатып алды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.