jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Еуро-2024: испаниялық футболшы матч кезінде жарақат алып, жарыстан шығып қалды (видео)

    Испания құрамасының футболшысы Педри
    Испания құрамасының футболшысы Педри. Фото: Alex Caparros - UEFA/UEFA via Getty Images

    Испания құрамасының ойыншысы Педри футболдан Еуропа чемпионатының 1/4 финалында жарақат алып, жарыстан шығып қалды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Бүгін, 5 шілдеде Еуропа чемпионатының ширек финалындағы Испания – Германия матчында Педри жарақат алды. Оны матчтың 4-минутында Германия құрамасының футболшысы Тони Кроос шалып құлатты. Бірақ төреші Энтони Тэйлор сары қағаз көрсеткен жоқ. Аяғын ауыртып алған Педри ойынды жалғастыра алмай, оның орнына алаңға 8-минутта Дани Ольмо шықты.

    Айта кетейік, Испания құрамасы 1/8 финалда Грузияны 4:1 есебімен жеңіп, ширек финалға шыққан еді. Ал Германия командасы өткен матчта Данияны 2:0 есебімен ұтып, келесі кезеңге жолдама алған болатын.

    Германияда өтіп жатқан Еуропа чемпионатының жартылай финалы 9-10 шілдеде, ал ақтық мәре 14 шілдеде болады.

    Еуро-2024: испаниялық футболшы матч кезінде жарақат алып, жарыстан шығып қалды (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram