jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Еуро-2024: Германия құрамасы өз алаңындағы чемпионаттың жартылай финалына өте алмады

    Испания және Германия құрамалары арасындағы матч
    Испания және Германия құрамалары арасындағы матч. Фото: Carl Recine/Getty Images

    Футболдан Еуропа чемпионатының 1/4 финалында Германия құрамасы Испаниядан жеңіліп қалды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Биылғы Еуропа чемпионатындағы алғашқы ширек финалдық ойын Германияның Штутгарт қаласында өтіп, 2:1 есебімен аяқталды.

    Алғашқы таймда гол соғылған жоқ. Бұл таймда испаниялық футболшы Педри жарақат алып, оның орнына 8-минутта Дани Ольмо алаңға шықты.

    Педриді алмастырған Ольмо екінші таймда (51-минутта) есеп ашты. Ол 17 жастағы командаласы Ламин Ямальдің пасын голға айналдырды. 89-минутта Германия құрамасының ойыншысы Флориан Виртц мергендік танытты. Негізгі уақыт тең есеппен аяқталды.

    Экстра-таймда (119-минутта) Испания сапынан Микель Мерино қарсыластың қақпасын дәл көздеп, жеңіс голын соқты. Осылайша, испаниялықтар жартылай финалға жолдама алды.

    Испания құрамасының жартылай финалдағы қарсыласы Португалия – Франция ойынынан кейін анықталады. Бұл матч бүгін, 5 шілдеде 23:50-де басталады.

    Еуро-2024: Германия құрамасы өз алаңындағы чемпионаттың жартылай финалына өте алмады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram