Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Келіссөздер жүріп жатыр": Максим Самородовтың агенті оның трансфері жайлы пікір білдірді

Опубликовано:

Максим Самородов
Максим Самородов. Фото: instagram/samorodov_10_

"Ақтөбе" футбол клубының жартылай қорғаушысы Максим Самородовтың агенті Дмитрий Кигинько ресейлік "Ахматтың" қазақстандық футболшыға деген қызығушылығы туралы ақпаратқа түсініктеме берді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Sport24 порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Бұған дейін журналист Иван Карпов Қазақстан құрамасының бұрынғы бас бапкері Магомед Адиевтің өтініші бойынша грозныйлық клуб 22 жастағы вингердің ауысуы туралы келіссөздерді бастағанын айтқан болатын.

"Ахматтың" Самородовқа деген қызығушылығы туралы толыққанды айта алмаймын. Жалпы, Максимге көптеген клуб, соның ішінде РПЛ-ден үлкен қызығушылық бар екенін жасырмаймыз. Оның Ресейге ауысуы туралы әңгімелер мен келіссөздер де болды. Самородов көптеген маманның назарына ілігіп үлгерді.

Әзірге нақты клубтарды атай алмаймын, өйткені келіссөздер жүріп жатыр. Егер біз "Ахмат" туралы айтатын болсақ, онда, әрине, Адиевтің бұл тұста үлкен рөлі бар екенін айтуымыз қажет. Мұны есептен шығарудың қажеті жоқ, өйткені Самородов Магомедтің басты назарында болуы мүмкін.

Мұнда мәселе нақты клубта емес, керісінше, Максимнің қазіргі уақытта сұранысқа ие футболшылардың бірі екендігінде. Сондай-ақ кім жақсы келісімшарттарды ұсынатыны да маңызды, бұл тек ақшаға байланысты емес, одан бөлек те факторлар маңызды", - деді Кигинько Sport24 порталына берген сұқбатында.

Айта кетейік, 22 жастағы шабуылшы Максим Самородов – Ақтөбе футболының тәрбиеленушісі. Футболшының "Ақтөбемен" келісімшарты осы жылдың 31 желтоқсанда аяқталады. Осы маусымда ол барлық турнирлерде ақтөбелік клуб сапында 17 матч өткізіп, 8 гол соғып, 3 нәтижелі пас берді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2130726-kelissozder-zhurip-zhatyr-maksim-samorodovtyng-agenti-onyng-transferi-zhaily-pikir-bildirdi/