jitsu gif branding logo appbranding logo app

    "Тобыл" футбол клубы Еуропа лигасының іріктеу кезеңін жеңіліспен бастады

    "Тобыл" футбол клубының ойыншылары
    "Тобыл" футбол клубының ойыншылары. Фото: instagram.com/fctobol

    Қостанайлық "Тобыл" футбол клубы Еуропа лигасының бірінші іріктеу кезеңінде cырт алаңда cловакиялық "Ружомберок" командасынан жеңіліп қалды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Ружомберок қаласында өткен ойын 5:2 есебімен словакиялықтардың пайдасына шешілді.

    Алаң иелері сапынан Адам Габриель (11 және 88-минутта), Александр Селекки (40), Матуш Мали (45+3), Матей Мадленак (77-минутта) гол соқты. Ал "Тобыл" құрамынан Игор Иванович (9), Давид Хенен (45) мергендік танытты.

    Айта кетейік, қарымта ойын 18 шілдеде Қазақстанда өтеді. Бірінші кезеңнен сүрінбей өткен команда келесі кезеңде түркиялық "Трабзонспорға" қарсы ойнайды.

    Осыған дейін Чемпиондар лигасының бірінші іріктеу кезеңінде шымкенттік "Ордабасы" молдовалық "Петрокубпен" тең ойнаған еді. Ал "Ақтөбе" ұжымы Конференция лигасының алғашқы іріктеу сатысында "Сараевоға" есе жіберді.

    "Тобыл" футбол клубы Еуропа лигасының іріктеу кезеңін жеңіліспен бастады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.