jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ахмет Қамшыбек
    Ахмет Қамшыбек
    Бұрынғы қызметкер

    "Барселона" сапында әлемнің үш дүркін үздігі атанған футзалшы "Семейге" ауысты

    Феррао
    Феррао. Фото: instagram.com / fcsemey

    Футзалдан Қазақстан чемпионы "Семей" клубы бразилиялық ойыншы Ферраоны ресми таныстырды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ семейлік клубтың Instagram желісіндегі парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

    Кеше, 16 шілдеде "Семей" футзал клубы бразилиялық ойыншы Ферраоны ресми таныстырды.

    "Семей" футзал клубы Феррао деген атпен танымал Карлос Вагнер Гуларте Филомен келісім-шартқа отырды. Әлемнің үш дүркін үздік ойыншысы жаңа маусымнан бастап "Семей" футзал клубының ойыншысы атанды. Жаңа тараудың басталуымен құттықтаймыз, Феррао", - деп жазды семейлік клубтың Instagram парақшасы.

    Әлемнің үш дүркін үздік ойыншысы Феррао бұған дейін 2014 жылдан бері испаниялық "Барселона" футзал клубының сапында өнер көрсетіп келді.

    33 жастағы бразилиялық үш мәрте Испания чемпионы атанды (2018/19, 2020/21, 2021/22), екі рет Чемпиондар лигасының кубогын иеленді, сонымен қатар үш рет әлемнің үздік ойыншысы атағын алды (2019, 2020, 2021).

    Айта кетелік, биыл"Семей" чемпионатты жеңіп алып, "Қайраттың" 20 жылдық чемпиондық сериясын үзді. Келесі маусымда "Семей" мен "Қайрат" УЕФА Чемпиондар лигасында өнер көрсетеді.

    "Барселона" сапында әлемнің үш дүркін үздігі атанған футзалшы "Семейге" ауысты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.