jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Жүлде қоры 1 млн доллар: Қазақстан футболындағы жаңа турнирдің жартылай финалистері анықталды

    "Каспий" және "Жетісу" командалары арасындағы ойын
    "Каспий" және "Жетісу" командалары арасындағы ойын. Фото: instagram.com/jetisufk

    Қазақстан футболындағы жаңа турнир Лига кубогының топтық кезеңі аяқталып, жартылай финалға өткен төрт команда анықталды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Турнирді 16 команда бастады. Оның ішінде Қазақстан Премьер лигасында ойнайтын барлық клуб пен Бірінші лиганың үш клубы бар. Олар төрт топқа бөлінді. Әр квартеттің жеңімпаздары плей-офф кезеңге өтті.

    Жүлде үшін тартысты алматылық "Қайрат" (А тобында 1-орын), астаналық "Жеңіс" (В тобы), cемейлік "Елімай" (С тобы) және "Астана" (D тобы) командалары жалғастырады. Қазақстан футбол лигасы плей-офф кезеңінде ойнайтын жұптарды жариялады. Жартылай финалда "Елімай" клубы "Астанамен", ал "Қайрат" ұжымы "Жеңіспен" ойнайды.

    Жартылай финал екі матчтық форматта өтеді. Бұл кезеңнің ойындары 10-11 тамыз бен 30 қазанға жоспарланған. Лига кубогының финалы 24 қарашада өтеді.

    Айта кетейік, турнирдің жалпы жүлде қоры – бір миллион доллар. Бұл Қазақстан футболы үшін рекордтық көрсеткіш болып саналады.

    Жүлде қоры 1 млн доллар: Қазақстан футболындағы жаңа турнирдің жартылай финалистері анықталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.