jitsu gif
Спорт

    Ресми: шымкенттік "Ордабасы" футбол клубына жаңа бас бапкер тағайындалды

    Кирилл Кекер
    Кирилл Кекер. Фото: instagram/fc_ordabasy

    Шымкенттік "Ордабасы" футбол клубы жаңа бас бапкерді таныстырды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Қазақстандық маман Кирилл Кекер "Ордабасы" командасының бас бапкері қызметіне тағайындалды. 45 жастағы бапкер клубпен келісімшартқа қол қойды және жақын арадағы жаттығуда командаға таныстырылады.

    Бұған дейін Кирилл Кекер алматылық "Қайрат" футбол клубының бас бапкері қызметін атқарған және аталмыш команда тізгінінде 76 матч өткізген.

    Айта кетейік, Қырғызстанда дүниеге келген Кирилл Кекер кәсіпқой футболшы болған. Мансабын туған жерінде бастап кейін Индия және Қазақстан командалары сапында доп тепкен. Ойыншы ретіндегі соңғы клубы талдықорғандық "Сұңқар". Аталмыш командада 5 ойын өткізіп, 2013 жылы мансабын аяқтады.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.