jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ахмет Қамшыбек
    Ахмет Қамшыбек
    Бұрынғы қызметкер

    Станислав Черчесов Қазақстан құрамасы тізгініндегі алғашқы жаттығуын өткізді (видео)

    Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы
    Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы. Фото: kff.kz

    Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Ұлттар лигасы аясындағы матчтарға дайындығын бастады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ ұлттық құраманың Instagram желісіндегі ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

    КЛЮЧЕВЫЕ МОМЕНТЫ
    close
    Данный текст создан автоматически при помощи ИИ и не проходил проверку редактора, поэтому может содержать фактологические или грамматические ошибки. Подробности в публикации
    • Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Алматыда Ұлттар лигасы матчтарына дайындықты бастады, алғашқы жаттығу залда өтті.
    • Бас бапкер Станислав Черчесов жаттығу жұмыстарын басқарды, бірақ әзірге тек қазақстандық клубтардың ойыншылары қатысуда.
    • Қазақстан құрамасы қыркүйекте екі матч өткізеді: 6 қыркүйекте Алматыда Норвегиямен, 9 қыркүйекте Люблянада Словениямен кездеседі.

    Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Алматыда Ұлттар лигасы аясындағы матчтарға дайындық жұмысын бастады. Футболшылар жаттығудың алғашқы күнін залда өткізді.

    Ұлттық құраманың бас бапкері Станислав Черчесов бұл жаттығу жұмыстарының басы-қасында болды. Сондай-ақ бұл жаттығу жиынына қазақстандық клубтарда ойнайтын футболшылар ғана қатысты. Шетелдік клубтарда өнер көрсететін ойыншылар алдағы күндері құрама қатарына қосылады.

    Айта кетейік, қыркүйекте Қазақстан ұлттық құрамасы УЕФА Ұлттар лигасы аясында екі матч өткізеді. Норвегиямен ойын 6 қыркүйекте сағат 19:00-де Алматының "Орталық стадионында" өтсе, Словенияға қарсы кездесу 9 қыркүйекте Любляна қаласындағы "Стожице" стадионында Астана уақытымен сағат 23:45-те болады.

    Станислав Черчесов Қазақстан құрамасы тізгініндегі алғашқы жаттығуын өткізді (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.