jitsu gif
Спорт

    Ресейлік бапкер Александр Кержаков алматылық "Қайраттан" кетуі мүмкін

    Александр Кержаков
    Александр Кержаков. Фото: Арман Жақсығұлов / "Кайрат" ФК

    Алматылық "Қайраттың" бас бапкері болып тағайындалғанына небәрі 3 ай болған Александр Кержаков командадан кеткісі келетінін мәлімдеді. Бұл туралы спорт инсайдері Иван Карпов Telegram желісіндегі ресми арнасында жазды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Осындай ақпарат "Қайраттың" өз алаңында "Астанадан" жеңілгенінен кейін тарады. Футболдан Қазақстан премьер лигасының 19-туры аясында өткен ойында жеңілген алматылық клуб 1-орынын сақтап қалды. Бірақ "Ақтөбе" мен "Елімай" 31 ұпаймен көш басындағы "Қайратқа" жақындай түсті.

    Айта кетейік, Александр Кержаков биыл мамыр айының соңында "Қайрат" тізгінін қолға алған еді. Содан бері ел чемпионатында 9 матч өткізіп, соның 5 жеңіске жетті. Тағы 2 ойында тең ойнап, 2 матчта жеңілген.

    Кержаковқа дейін "Қайратты" қазақстандық бапкер Кирилл Кекер жаттықтырған. Жергілікті маман қазір "Ордабасыға" бас бапкер болды.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.