jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Арқалық Қуанған
    Арқалық Қуанған
    Бұрынғы қызметкер

    "Орысшаға аудармаңдар": Станислав Черчесов қазақ тілін үйреніп жүргенін көрсетті

    Станислав Черчесов
    Станислав Черчесов. Фото: Ресей футбол қауымдастығы

    Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов Норвегиямен болатын матч алдында баспасөз мәслихатын өткізіп, журналистер сауалына жауап берді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері баспасөз жиындағы қазақ тіліндегі сұрақтарды аудармашысыз түсініп, мемлекеттік тілді үйреніп жүргенін көрсетті, деп хабарлайды 1bol.kz сайты.

    Еске салайық, Черчесов бас бапкер болып тағайындалған уақытта журналистермен кездесіп, қазақша сұрақ қоймауды талап еткен болатын. Артынша қоғамда резонанс туып, ресейлік маман қазақ тілін үйренуге уәде берді.

    "Қазақша қойылған сұрақтарды аудармашысыз түсінетін дәрежеге жеттім. Үйреніп жүрмін", - деді Станислав Черчесов журналист Нұрсұлтан Құрманның сұрағына жауап беру барысында. 

    Айта кетейік, Қазақстан мен Норвегия арасындағы ойын 6 қыркүйекте Алматыдағы "Орталық стадионда" УЕФА Ұлттар лигасының топтық кезеңі аясында өтеді.

    "Орысшаға аудармаңдар": Станислав Черчесов қазақ тілін үйреніп жүргенін көрсетті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.