jitsu gif
Спорт

    Криштиану Роналду өз рекордын өзі жаңартты

    Криштиану Роналду
    Криштиану Роналду. Фото: Damjan Zibert/Soccrates/Getty Images

    Футболдан Португалия құрамасы Ұлттар лигасының топтық кезеңінде Шотландиямен кездесіп, жеңіске жетті. Бұл матчта Роналду рекорд жаңартты, деп KAZ.NUR.KZ BBC арнасының ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

    Футболдан Португалия ұлттық құрамасы Лиссабондағы "Эштадиу да Луж" стадионында Ұлттар лигасы аясында Шотландиямен кездесіп, 2:1 есебімен жеңіске жетті. Алғашқы голды 7-минутта шотландиялық Скотт Мактоминей соқты. Ал ойынның 54-минутында Португалия құрамасының ойыншысы Бруну Фернандеш есепті теңестірді. Матчтың 88-минутында Криштиану Роналду гол соғып, жеңісті жұлып алды.

    Бұл ойында Криштиану Роналду екінші таймда алаңға шыққан болатын. Бұл матчты қоса алғанда Криштиану Роналду 48 ұлттық құраманың қақпасына гол соғып, әлемдік рекорд орнатты. Аталмыш жетістікке бұған дейін ешбір футболшы жетпеген. Сонымен қатар Роналду Португалия құрамасындағы 132-голын, ал жалпы мансабындағы 901-голын соқты.

    Бұл жеңістің арқасында Португалия 6 ұпай жинап, Ұлттар лигасының А дивизионының 1-тобында көш бастап тұр. Олардың ізін ала Хорватия мен Польша 3 ұпаймен келеді, ал Шотландия екі ойында да жеңіліске ұшырап, топта соңғы орынды еншілеп келеді.

    Айта кетейік, Португалия құрамасы Ұлттар лигасы аясындағы келесі кездесуін 12 қазанда Польша құрамасына қарсы өткізеді.

    Криштиану Роналду өз рекордын өзі жаңартты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.