jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Ұлттар лигасы: Қазақстан мен Словения арасындағы матчты қайдан көруге болады

    Асхат Тағыберген
    Асхат Тағыберген. Фото: BO AMSTRUP/Ritzau Scanpix/AFP via Getty Images

    Дүйсенбі, 9 қыркүйекте футболдан Қазақстан құрамасы УЕФА Ұлттар лигасының екінші кезеңінде бақ сынайды. Словенияға қарсы өтетін матчқа қатысты ең жиі қойылатын сауалдардың жауабын KAZ.NUR.KZ тілшісі анықтап көрді.

    Матч Қазақстан уақытымен сағат 23:45-те басталады. Кездесу Словения астанасы Любляндағы "Стожице" стадионында өтеді.

    Кездесудің тікелей трансляциясын Qazsport телеарнасынан көруге болады. Матчтан кейін телеарнаның YouTube арнасында кездесудің ең тартысты сәттеріне шолу жарияланады.

    Айта кетсек, 6 қыркүйекте футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Ұлттар лигасының топтық кезеңі аясында Норвегия құрамасына қарсы матч өткізді. В дивизионында өнер көрсететін қос құрама Алматыда кездесті.

    Қазақстан мен Норвегия арасындағы ойын 0:0 есебімен аяқталды. Бұл матчта Қазақстан құрамасы қарсылас команда қақпасына 5 соққы жасады. Ал Норвегия құрамасы Игорь Шацкий қақпасына 20 соққы бағыттады.

    Ұлттар лигасы: Қазақстан мен Словения арасындағы матчты қайдан көруге болады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.