Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әр команда лайықты күрес жүргізуде – Ғани Қайназаров Бірінші лига туралы

Жарияланған күні:

Футболшылар допты тепкілейді
Фото: "Екібастұз" ФК баспасөз қызметі

Еліміздегі 13 өңірдің 16 командасы арасында футболдан 1ХВЕТ QFL Бірінші лигасы жалғасып жатыр. Матчтар әр аптаның бейсенбі және жұма күндері өтеді және әлі де нақты фаворитті айту қиын. Осы орайда турнирдің барысы бойынша Qazaqstan Football League президенті Ғани Қайназаров өз ойын бөлісті.

– Ғани Әділханұлы, Премьер-лигада секілді 1ХВЕТ QFL Бірінші лигасында чемпиондыққа 4-5 команда таласып жатыр. Бұның себебі неде деп ойлайсыз?

– Осы маусым жақсы матчтармен және турнир кестесіндегі шиеленісімен ерекшеленеді. 1ХВЕТ QFL Бірінші лигасындағы жайтқа бірнеше фактор әсерін тигізді. Біріншіден, отандық футболдың түлектері доп тебетіндіктен, барлық ұжымдардың күштері шамалас. Екіншіден, Премьер-лигаға жолдаманың үшеуден екеуге қысқарғандықтан, қатысушылар әр ұпайға соңына дейін таласады. Үшіншісі – медиа. Алғаш рет турнирдің барлық ойындары отандық телеарналарда тікелей эфирде көрсетілуде. Ал Лиганың ресурстары статистикалық мәліметтерді ұсынып, бәсекені кеңінен насихаттауға атсалысып жатыр. Бұған дейін турнирге деген осындай деңгейде назар аударылмады деп ойлаймын. Чемпиондықтың тағдыры соңғы турда да сақталатын секілді.

Шынымен де, осы маусым қызыққа толы. Бұған демеушілердің де әсері болған шығар?

– Сөзсіз. Біз 1ХВЕТ компаниясымен серіктес болғанымызға өте қуаныштымыз. Басты демеушіміз турнирдің дамуына ықпал етіп, жанкүйерлер тарапынан қызығушылықты тудырды. Сондай-ақ, Лига кубогы және Winter Cup сынды турнирлердің ұйымдастырылуына қолдау білдірді.

Қай клубтың өнерін ерекше бағалар едіңіз және сіздің ойыңызша, чемпиондыққа кім лайық?

– Турнирді жіті бақылаудамын. Мысалы, "Жетісай", "Алтай", "Ұлытау" және SD Family дебютті маусым өткізіп жатса да, турнир кестесінде алғашқы ондықтың қатарына еніп тұр. Ал Премьер-лигаға "Оқжетпес", "Каспий", "Хан-Тәңірі" клубтары шығуға үмітті. Өз футболшыларымен толықтырылған "Қайрат-Жастар" ең жас команда болса да, чемпиондықты оңай жібергісі келмейді. Әр клуб лайықты күрес жүргізуде және чемпионның тағдыры соңғы турда шешіледі деп ойлаймын. Небәрі 6 тур ғана қалды. Осы сәтті пайдалана отырып, барлықтарыңызды стадиондарға келіп, командаларды қолдауға шақырамын.

Айта кетейік, 1ХВЕТ QFL Бірінші лигасы 25 қазан күні мәресіне жетеді. Ойындар тікелей эфирде Q Football, Q Arena, Q League телеарналары, QFootball.kz, QFL.KZ сайттары мен Q Football мобильді қосымшасында көрсетіледі.

*Букмекерлік қызмет Қазақстан Республикасында лицензияланған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2163810-ar-komanda-laiyqty-kures-zhurgizude-gani-qainazarov-birinshi-liga-turaly/