jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ахмет Қамшыбек
    Ахмет Қамшыбек
    Бұрынғы қызметкер

    Кнауб пента-трик жасады, Лео алаңнан қуылды: Қазақстан құрамасы Жаңа Зеландияны ірі есеппен жеңді

    Арнольд Кнауб
    Арнольд Кнауб. Фото: Alex Caparros - FIFA/FIFA via Getty Images

    Футзалдан Қазақстан құрамасы Өзбекстандағы әлем чемпионатының топтық кезеңі аясында Жаңа Зеландияға қарсы ойнап, жеңіске жетті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    D тобындағы бұл матчта Қазақстан құрамасы 10:0 есебімен жеңіске жетті. Қазақстан құрамасы сапынан Ринат Төреғазин (8-минут), Ақжол Дәрібай (11), Арнольд Кнауб (14, 15, 20, 22, 36), Лео (20, 29) гол соқты.

    Матчтың 30-минутында Жаңа Зеландия Логан Вишневский өз қақпасына автогол соғып алды.

    Алайда ойынның 38-минутында Қазақстан құрамасының ойыншысы Лео қызыл қағаз алып, алаңнан қуылды.

    Осылайша Қазақстн құрамасы D тобында 7 ұпай жинап, екінші орынмен плей-офф кезеңіне жолдама алды. Бұл топта Испания да 7 ұпай еншіледі, тек испаниялықтар гол айырмасы бойынша Қазақстаннан басым түсті.

    Әлем чемпионатының 1/8 финалдық кезеңінде Қазақстан құрамасы Е тобында сынға түсіп жатқан Португалия немесе Мароккомен ойнайды. Ойын 26 қыркүйекте сағат 20:00-де өтеді.

    Қазақстан құрамасы биылғы әлем чемпионатының D тобындағы алғашқы ойынын Испанияға қарсы өткізіп, 1:1 есебімен тең тарқасқан еді. Ал Ливияға қарсы өткізген екінші ойында Қазақстан құрамасы 4:1 есебімен жеңіске жетті.

    Айта кетейік, 6 қазанға дейін болатын футзалдан әлем чемпионатына алты топқа бөлінген 24 команда қатысып жатыр. Әр топта үздік атанған 2 құрама плей-офф кезеңіне тікелей жолдама алады. Сонымен бірге әр топта үшінші орын алған құрамалар арасында үздік атанған 4 команда да келесі кезеңге өтеді.

    Кнауб пента-трик жасады, Лео алаңнан қуылды: Қазақстан құрамасы Жаңа Зеландияны ірі есеппен жеңді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.