jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Футзалдан әлем чемпионаты: Қазақстан құрамасының плей-оффтағы алғашқы қарсыласы анықталды

    Қазақстан – Испания ойыны. Фото
    Қазақстан – Испания ойыны. Фото: kff.kz

    Футзалдан Қазақстан құрамасы Өзбекстанда өтіп жатқан әлем чемпионатының 1/8 финалында қай командамен ойнайтыны белгілі болды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Қазақстан құрамасының плей-офф кезеңдегі алғашқы қарсыласы қазіргі әлем чемпионы – Португалия болады. Бұл команда топтық кезеңнің соңғы турында Мороккомен кездесіп, 4:1 есебімен жеңіске жетті. Осылайша E тобында көш бастады.

    1/8 финал аясындағы Португалия — Қазақстан матчы 26 қыркүйекте Әндіжанда (Өзбекстан) өтеді.

    Айта кетейік, Қазақстан құрамасы топтық кезеңнің қорытындысы бойынша D тобында екінші орынға жайғасып, плей-офф кезеңге өткен еді. Ұлттық команда биылғы әлем чемпионатындағы алғашқы ойынын Испанияға қарсы өткізіп, 1:1 есебімен тең тарқасты. Кейін Ливияны жеңcе (1:4), соңғы турда Жаңа Зеландияны 10:0 есебімен ойсырата ұтқан болатын.

    Футзалдан әлем чемпионаты: Қазақстан құрамасының плей-оффтағы алғашқы қарсыласы анықталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.