jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Арқалық Қуанған
    Арқалық Қуанған
    Бұрынғы қызметкер

    Шетелдік БАҚ "Алтын доп" жүлдесінің жаңа жеңімпазының есімін атады

    Винисиус Жуниор
    Винисиус Жуниор. Фото: Ryan Pierse/Getty Images

    Испаниялық Marca басылымы 2024 жылдың "Алтын доп" иегерінің есімін айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Дереккөздің мәліметінше, 2024 жылдың үздік футболшысына табысталатын "Алтын доп" жүлдесінің жеңімпазы "Реал Мадридтің" 24 жастағы шабуылшысы Винисиус Жуниор болады. Сонымен қатар бразилиялық ойыншының өзі де жеңісіне сенімді көрінеді. Еске салайық, "Алтын доп" жүлдесін табыстау шарасы 28 қазан күні Париждегі "Шатле" театрында өтеді.

    Айта кетейік, өткен маусымда Винисиус Жуниор мадридтік "Реалмен" Испания чемпионатын, чемпиондар лигасын және Испания Суперкубогын жеңіп алған еді. Барлық жарыстарда 49 ойын өткізіп, 26 гол және 13 ассистпен көзге түсті.

    Винисиус 2018 жылы бразилиялық "Фламенго" футбол клубынан "Реал Мадридке" 45 миллион еуроға ауысқан болатын. Ал қазіргі келісімшарты 2027 жылға дейін созылады. Шабуылшының Transfermarkt порталындағы құны 180 миллион еуроны қүрайды.

    Шетелдік БАҚ "Алтын доп" жүлдесінің жаңа жеңімпазының есімін атады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.