jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ахмет Қамшыбек
    Ахмет Қамшыбек
    Бұрынғы қызметкер

    "Бір ғана ойыншыға иек артпаймын": бас бапкер ұлттық құраманың плей-оффқа дайындығы туралы айтты

    Дуглас Жуниор мен Рикардо Кака
    Дуглас Жуниор мен Рикардо Кака. Фото: Anvar Ilyasov - FIFA/FIFA via Getty Images

    Футзалдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Рикардо Кака әлем чемпионатының плей-офф кезеңіне ойыншылардың дайындығы туралы айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ ұлттық құраманың Instagram желісіндегі ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

    "Біз матч өтетін аренада дайындалып жатырмыз. Өзіміздің тактикалық әрі комбинациялық ойын үлгімізді пысықтап жатырмыз. Дайындық жақсы деңгейде өтіп жатыр. Қазір біз видео-шолулар мен қайталауларды қарап, талқылап жатырмыз.

    Бұл ойынға Лео қатыса алмайды. Бірақ мен бір ғана ойыншыға иек артпаймын. Құрамада Леоның орнын жаба алатын ойыншылар жетерлік. Дисквалификациядан, жарақаттан кейін қатарымызға қосылатын ойыншыларды да атап өтуіміз керек.

    Ташкентте өткен ойында жанкүйерлер бізді жылы қарсы алды. Ал Португалияға қарсы ойынымыз Әндіжанда өтеді. Біз өзіміздің үйімізге қайта оралдық десек те болады. Бұл матчта біз қарсылас командадан бір нәрсе арқылы алда тұрамыз. Ол – жанкүйерлердің ыстық ықыласы", - деді Рикардо Кака.

    Айта кетейік, Қазақстан ұлттық құрамасы 26 қыркүйекте Өзбекстанның Әндіжан қаласында Португалияға қарсы кездесу өткізеді. Матч сағат 20:00-де басталады.

    Сондай-ақ бұл ойынға ұлттық құрама сапынан Лео қатыса алмайды. Ол өткен ойында қызыл қағаз алып, алаңннан қуылған еді.

    "Бір ғана ойыншыға иек артпаймын": бас бапкер ұлттық құраманың плей-оффқа дайындығы туралы айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.