jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ахмет Қамшыбек
    Ахмет Қамшыбек
    Бұрынғы қызметкер

    31 жастағы футболшы Рафаэль Варан кәсіби мансабын аяқтады

    Рафаэль Варан
    Рафаэль Варан. Фото: Michael Regan/Getty Images

    Франциялық футболшы Рафаэль Варан Instagram желісіндегі ресми парақшасында кәсіби мансабын аяқтағанын мәлімдеді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Италиялық "Комо" клубының қорғаушысы Рафаэль Варан кәсіби мансабын аяқтау туралы шешім қабылдады.

    31 жастағы Рафаэль Варан "Комо" клубына еркін агент ретінде ауысқан еді. Италиялық клуб сапындағы дебюттық кездесуінде қорғаушы ауыр жарақат алып, маусымның соңына дейін алаңға шыға алмады.

    Кейін "Комо" Рафаэль Варанды негізгі өтінімнен алып тастады. Франциялық футболшы бұл клубта тек небәрі 23 минут қана ойнай алды.

    Айта кетейік, Рафаэль Варан "Реал", "Манчестер Юнайтед" секілді атақты клубтарда, сондай-ақ Франция ұлттық құрамасында өнер көрсетті.

    2018 жылы Франция құрамасы сапында Варан әлем чемпионы атанды. "Реал" клубымен бірге төрт рет УЕФА Чемпиондар лигасын жеңіп алды.

    31 жастағы футболшы Рафаэль Варан кәсіби мансабын аяқтады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.