
74 жасында Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген футбол жаттықтырушысы Есенбек Кабирұлы Сыздықов өмірден өтті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ қарағандылық "Шахтер" футбол клубының Instagram желісіндегі ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.
Қарағандылық "Шахтер" футбол клубының баспасөз қызметі жаттықтырушы Есенбек Сыздықовтың қайтыс болғанын хабарлады.
"74 жасында Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген футбол жаттықтырушысы Есенбек Кабирұлы Сыздықов өмірден өтті. Есенбек Кабирұлы бүкіл саналы ғұмырын футболға қызмет етуге арнады. Осы жылдар ішінде "Шахтер" футбол клубының бас бапкері, команда басшысы, спорт директоры, Қазақстан Республикасы Ұлттық футбол лигасының төрағасы, Қарағанды қаласындағы футбол бойынша "Жастар" ОСЮШОР-ның директоры болды.
"Шахтер" футбол клубының басшылығы мен командасы Есенбек Кабирұлының отбасы мен жақындарына қайғыларына ортақтасып, ауыр және орны толмас қазаға қайғырады. Жақын адамын жоғалту – ауыр қайғы, жоғалтудың ащысын ешбір сөз толтыра алмайды. Сізбен бірге қайғыңызға ортақтасып, басымызды иіп, қайғымызды жоқтаймыз. Есенбек Кабирұлының жарқын естелігі оны білетін баршаның жүрегінде мәңгі сақталады", - деп жазды "Шахтер" футбол клубының баспасөз қызметі.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2165866-elimizding-engbek-singirgen-futbol-zhattyqtyrushysy-omirden-otti/