jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ахмет Қамшыбек
    Ахмет Қамшыбек
    Бұрынғы қызметкер

    Қазақстан – Португалия: бүгін ұлттық құрама әлем чемпионатының плей-офф кезеңінде ойнайды

    Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы
    Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы. Фото: Anvar Ilyasov - FIFA/FIFA via Getty Images

    Бүгін, 26 қыркүйекте футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы әлем чемпионатының плей-офф кезеңіндегі матчын өткізеді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Бүгін, 26 қыркүйекте футзалдан Қазақстан құрамасы Өзбекстанда өтіп жатқан әлем чемпионатының 1/8 финалдық кезеңі аясында Португалияға қарсы ойнайды. Матч Астана уақыты бойынша сағат 20:00-де басталады.

    Аталмыш турнирдің D тобында сынға түскен Қазақстан құрамасы 7 ұпай еншілеп, екінші орынмен плей-оффқа шыққан болатын.

    Алғашқы ойында Испаниямен 1:1 есебімен тең түссе, Ливияны 4:1 есебімен жеңген еді. Ал Жаңа Зеландияға қарсы үшінші ойында 10:0 есебін тіркеп, ірі жеңіске қол жеткізген болатын.

    Айта кетейік, әлем чемпионатының ширек финалы 29-30 қыркүйекте, жартылай финалы 2-3 қазанда өтеді. Ал ақтық сын 6 қазанда Ташкентте өтеді деп жоспарланған.

    Қазақстан – Португалия: бүгін ұлттық құрама әлем чемпионатының плей-офф кезеңінде ойнайды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.