Түркиялық "Бешікташ" командасы Түркия Суперлигасының 7-турында сырт алаңда "Кайсериспормен" кездесіп, жеңіске жетті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.
Бұл ойында "Бешікташ" клубы сапынан Жедсон Фернандеш есепті ашқан болатын. Ал италиялық шабуылшы Чиро Иммобиле дубль жасап, нәтижесінде ойын 3:0 есебімен "Бешікташтың" пайдасына аяқталды.
"Бешікташ" сапында өнер көрсететін қазақстандық жартылай қорғаушы Бақтиер Зайнутдинов ойынға 93-минутта қосылды. Бақтиер Зайнутдинов түркиялық клуб сапында мамыр айынан бастап алаңға шықпаған еді.
Қазіргі уақытта "Бешікташ" 16 ұпаймен турнирлік кестеде 3-орында тұр. Ал "Фенербахче" 16 ұпаймен 2-орынға тұрақтаса, "Галатасарай" 19 ұпаймен көш бастап келеді.
Айта кетейік, Бақтиер Зайнутдинов "Бешикташқа" өткен жылы Мәскеудің ЦСКА клубынан ауысып келген болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2167996-beshiktash-sapynda-4-ai-oinamagan-baqtier-zainutdinov-komandasyna-zhengis-syilady/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.