Түнде УЕФА Чемпиондар лигасының екінші тур матчтары өтті. Бұл турдың алғашқы матчтары ірі есеппен аяқталды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
"Арсенал" футбол клубы өз алаңында "Пари Сен-Жерменді" 2:0 есебімен жеңді. 20-минута Кай Хаверц көзге түссе, 35-минутта Букайо Сака гол соқты.
Ал леверкузендік "Байер" командасы өз алаңында "Миланнан" 1:0 есебімен басым түсті. Ойын тағдырын Виктор Бонифастың 51-минутта соққан голы шешіп кетті. Италиялық "Милан" бірнеше рет есепті теңестіре алатын мүмкіндіктерге ие болғанымен, бұл кеште Хаби Алонсоның командасына сәттілік серік болды.
"Барселона" алғашқы турдағы "Монакодан" жеңіліс тапқаннан кейін, бұл жолы өз жанкүйерлерін қуантты. Каталониялық клуб "Янг Бойзды" 5:0 есебімен ойсырата ұтты. Роберт Левандовски дубль жасап (8, 51-минуттар), Рафинья (34-минутта) және Иньиго Мартинес (37-минутта) қарсылас қақпасынан саңылау тапты. Ал 81-минутта "Янг Бойздың" ойыншысы Мохамед Али Камара автогол соғып алды.
"Манчестер Сити" сырт алаңда "Слованды" 4:0 есебімен жеңген болатын. "Манчестер Сити" клубы сапынан Илкай Гюндоган (8-минут), Фил Фоден (15-минут), Эрлинг Холанд (58-минут) және Джеймс Макэйти (74-минут) гол соқты.
Екінші турдағы матчтардың нәтижелері:
- "Штутгарт" (Германия) – "Спарта" (Чехия) – 1:1;
- "Зальцбург" (Австрия) – "Брест" (Франция) – 0:4;
- "Арсенал" (Англия) – "ПСЖ" (Франция) – 2:0;
- "Байер" (Германия) – "Милан" (Италия) – 1:0;
- "Боруссия" (Германия) – "Селтик" (Шотландия) – 7:1;
- "Барселона" (Испания) – "Янг Бойз" (Швейцария) – 5:0;
- "Интер" (Италия) – "Црвена Звезда" (Сербия) – 4:0;
- "Слован" (Словакия) – "Манчестер Сити" (Англия) – 0:4;
- "ПСВ" (Нидерланды) – "Спортинг" (Португалия) – 1:1.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2168539-aduyndy-arsenal-babyna-engen-barselona-chempiondar-ligasynyng-2-tur-matchtary-qalai-otti/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.