jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ахмет Қамшыбек
    Ахмет Қамшыбек
    Бұрынғы қызметкер

    "Интер Майами" Лионель Мессидің арқасында чемпионатты мерзімінен бұрын жеңіп алды

    Лионель Месси
    Лионель Месси. Фото: Jason Mowry/Getty Images

    "Интер Майами" клубы MLS тұрақты чемпионатының сырт алаңдағы матчында "Коламбус Крю" командасын жеңді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Бұл матчта "Интер Майами" клубы "Коламбус Крю" командасын 3:2 есебімен жеңді.

    Аталмыш кездесуде "Интер Майами" сапында ойнайтын Лионель Месси 45-минутта ойын есебін ашып, арада 5 минут өткеннен кейін дубль авторы атанды.

    Ал екінші таймның басында "Коламбус Крю" ойыншысы Диего Росси гол соғып, есепті қысқарты. Алайда "Интер Майами" клубының шабуылшысы Луис Суарес матчтың 48-минутында есепті 3:1-ге дейін жеткізді.

    "Коламбус Крю" командасы сапынан Кучо Эрнандес (61-минут) пенальтиді сәтті орындап, есеп айырмасын қысқартты. Бірақ ойын соңына дейін осы есеп сақталып, "Интер Майами" клубы жеңіске жетті.

    Айта кетейік, "Интер Майами" чемпионаттың аяқталуына екі тур қалғанда, 68 ұпаймен жалпы кестеде бірінші орынды иеленіп, Supporters' Shield жүлдесін жеңіп алды. Бұл Лионель Мессидің карьерасындағы 46-титулы.

    "Интер Майами" Лионель Мессидің арқасында чемпионатты мерзімінен бұрын жеңіп алды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.