jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ахмет Қамшыбек
    Ахмет Қамшыбек
    Бұрынғы қызметкер

    Аустрия – Қазақстан: бүгін ұлттық құрама сырт алаңда ойын өткізеді

    Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы
    Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы. Фото: kff.kz

    Бүгін, 10 қазанда Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Ұлттар лигасының 3-туры аясында Аустриямен кездеседі. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Ұлттар лигасының 3-туры аясында футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы сырт алаңда Аустриямен кездеседі. Матч Линц қаласының "Райффайзен Арена" стадионында өтеді.

    Қазақстан мен Аустрия құрамалары арасындағы ойын Астана уақыты бойынша сағат 23:35-те басталады. Матчтың тікелей көрсетілімін "Qazsport" телеарнасынан көруге болады.

    Үш күннен кейін, 13 қазанда Қазақстан ұлттық құрамасы Алматыда Словенияны қабылдайды.

    Айта кетейік, Қазақстан құрамасы биылғы Ұлттар лигасы маусымындағы алғашқы ойында Норвегиямен кездесіп, тең түскен болатын (0:0). Ал аталмыш турнирдің 2-турында Словения құрамасына қарсы сырт алаңда өткен ойында Қазақстан құрамасы жеңіліс тапты (0:3).

    Аустрия – Қазақстан: бүгін ұлттық құрама сырт алаңда ойын өткізеді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.