jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ахмет Қамшыбек
    Ахмет Қамшыбек
    Бұрынғы қызметкер

    "Келесі ойында гол соғамыз": Бауыржан Исламхан ұлттық құрама ойыны жайлы пікірін айтты

    Бауыржан Исламхан
    Бауыржан Исламхан. Фото: Robbie Jay Barratt - AMA/Getty Images

    Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншысы Бауыржан Исламхан Словенияға қарсы матчтан кейін пікір білдірді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    "Әр бапкердің өзіне тән ойыны бар. Біз қазір гол соға алмай жатырмыз. Бірақ біз бір гол соғып кетсек, ары қарай жалғасын табады. Шынына келгенде, біз бастай алмай жатырмыз. Алла қаласа, оның да ауылы алыс емес деп ойлаймын. Келесі ойындарда міндетті түрде гол соғуға тырысамыз", - деді Бауыржан Исламхан.

    Сондай-ақ Бауыржан Исламхан ұлттық құраманың соңғы 4 матчта гол соға алмауы туралы мәселе ойыншылар арасында да талқыланатынын айтты. Осыған байланысты Бауыржан Исламхан алдағы ойындарда барын салатынын жеткізді.

    Бүгін, 13 қазанда футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы УЕФА Ұлттар лигасының 4-туры аясында Словенияға қарсы кездесу өткізді. Алматыдағы Орталық стадионда өткен матчта Қазақстан құрамасы 0:1 есебімен жеңіліс тапты.

    "Келесі ойында гол соғамыз": Бауыржан Исламхан ұлттық құрама ойыны жайлы пікірін айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.