jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ахмет Қамшыбек
    Ахмет Қамшыбек
    Бұрынғы қызметкер

    Станислав Черчесовтің қақпашы кезіндегі ойыны көпшілікті күлкіге қарқ қылды (видео)

    Станислав Черчесов
    Станислав Черчесов. Скриншот: instagram.com / koyanbayevnurlan

    Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Станислав Черчесовтің футболшы кезінде алаңда жіберген қателігіне байланысты видеосы жанкүйерлердің қызу талқысына түсті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Танымал кинопродюсер Нұрлан Қоянбаев Instagram желісіндегі ресми парақшасында ұлттық құраманың бас бапкері Станислав Черчесовтің кәсіби футболшы кезіндегі видеосын жариялады.

    Бұл видеода қақпашы Станислав Черчесов айып алаңына енген допты тоқтатып, бірнеше мәрте іліктеп, финт жасаймын деп тұрады. Бірақ сол сәтте қарсылас команданың ойыншысы Станислав Черчесовтің қателігін пайдаланып, гол соғып кетеді. Осындай тосын жағдайды күтпеген қақпаш Станислав Черчесов жерге отыра кетеді.

    Станислав Черчесов қақпашы ретінде ресейлік "Спартак", "Локомотив", германиялық "Динамо", аустриялық "Тироль" клубтарында өнер көрсеткен. Сондай-ақ 1992-2000 жылдар аралығында футболдан Ресей құрамасының қақпасын күзеткен.

    Айта кетейік, қазіргі уақытта Станислав Черчесов футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері қызметін атқарады. Оның жетекшілігінде ұлттық құрама 4 ойын өткізіп, 3 рет жеңіліске ұшыраса, 1 рет тең нәтижеге қол жеткізген.

    Станислав Черчесовтің қақпашы кезіндегі ойыны көпшілікті күлкіге қарқ қылды (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.