Спорт

Зектілері

"Черчесов Қазақстанның ойынын жақсартады": Ресейде бас бапкердің жұмысын жоғары бағалады

Жарияланған күні:

Cтанислав Черчесов
Cтанислав Черчесов. Фото: kff.kz

Мәскеулік "Спартак" клубының бұрынғы жартылай қорғаушысы Денис Бояринцев футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Станислав Черчесовтің жұмысына қатысты пікірін білдірді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Championat.com сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

"Қазақстан құрамасының соңғы ойындарына соншалықты қатаң түрде қарамас едім. Норвегиямен тең ойын – жақсы нәтиже. Ал Аустрия өте мықты команда. Станислав Саламұлы ұзақ уақыт бапкерлік жұмыстан қол үзіп қалғандықтан, қандай да бір қорытынды жасау әлі де болсын ерте деп санаймын. Оның үстіне, Қазақстан құрамасы өз деңгейіндегі қарсыластармен ойнаған жоқ. Барлық қарсыластар өте мықты болды. Барлығы жаман деп айтпас едім. Менің ойымша, Черчесов бәрібір Қазақстан құрамасының ойынын жақсарта алады.

Егер оны шақырған болса, онда нақты мақсаттар бар деген сөз. Ұлттық құрамада ойыншылар тек белгілі бір уақытқа, қысқа мерзімге жиналады. Бұл оңай емес. Менің ойымша, Станислав Саламұлының ұлттық құрамадағы жағдайы соншалықты жаман емес", - деді Денис Бояринцев.

Айта кетейік, ресейлік маман Станислав Черчесовтің жетекшілігімен футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы УЕФА Ұлттар лигасы турнирінің В дивизионында 4 ойын өткізді.

Қазақстан құрамасы биылғы Ұлттар лигасы маусымындағы алғашқы ойында Норвегиямен кездесіп, тең түскен болатын (0:0). Ал аталмыш турнирдің 2-турында Словения құрамасына қарсы сырт алаңда өткен ойында Қазақстан құрамасы жеңіліс тапты (0:3). Турнирдің 3-турында Қазақстан ұлттық құрамасы сырт алаңда Аустриядан ойсырай жеңілді (0:4). Ал 4-турда өз алаңында Словениядан жеңіліс тапты (0:1).

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2174862-cherchesov-qazaqstannyng-oiynyn-zhaqsartady-reseide-bas-bapkerding-zhumysyn-zhogary-bagalady/