
Томас Тухель Англия құрамасының бас бапкері атанды. Қос тарап 2026 жылға дейін жарамды келісімшартқа қол қойды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Англия ұлттық құрамасының Instagram желісіндегі ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.
Еуро-2024 турнирі аяқталғаннан кейін Англия құрамасының бас бапкері міндетін жастар командасының бұрынғы жаттықтырушысы Ли Карсли атқарып жүрген еді. Енді бұл орынға неміс маманы Томас Тухель тағайындалды.
51 жастағы бапкер осыған дейін "Майнц", "Боруссия Дортмунд", ПСЖ", "Челси" және "Бавария" футбол клубтарында қызмет атқарған. Сонымен қатар өзі де 1980-1998 жылдар аралығында футболшы болған. Ол кәсіпқой мансабында "Штутгартер Кикерс" және "Ульм" командаларында өнер көрсеткен.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2175003-tomas-tuhel-angliia-quramasynyng-bas-bapkeri-atandy/