jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ахмет Қамшыбек
    Ахмет Қамшыбек
    Бұрынғы қызметкер

    Қазақстандық футбол бапкері алтыншы мәрте еуропалық чемпионатта топ жарды

    Владимир Чебурин
    Владимир Чебурин. Фото: Meta-ratings.kz

    Қазақстандық маман Владимир Чебуриннің жетекшілігіндегі Вильнюстің "Жальгирис" клубы Литва футбол чемпионатының алтын медалін мерзімінен бұрын жеңіп алды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Литва футбол чемпионатының 33-турында "Жальгирис" клубы сырт алаңда "Дайнаваны" 5:0 есебімен жеңіп, 73 ұпай еншіледі.

    Бұл жеңіс "Жальгирис" командасына 2-орында тұрған "Хегельман" командасынан 13 ұпайға озып кетуге мүмкіндік берді. Осылайша Литва футбол чемпионатының аяқталуына 4 тур қалғанда, 60 ұпайы бар "Хегельман" командасы "Жальгиристі" қуып жету мүмкіндігінен айырылды.

    "Жальгирис" футбол клубының бас бапкері қызметін қазақстандық маман Владимир Чебурин атқарады.

    Айта кету керек, қазақстандық маман Владимир Чебурин Литва чемпионы атағын алтыншы рет жеңіп алды. Ол бұл жетістікті үш рет "Жальгириспен" және үш рет "Судувамен" бағындырған.

    Қазақстандық футбол бапкері алтыншы мәрте еуропалық чемпионатта топ жарды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.