jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ахмет Қамшыбек
    Ахмет Қамшыбек
    Бұрынғы қызметкер

    "Черчесов шақырмады": Еуропада доп тебетін футболшы ұлттық құрамада ойнағысы келетінін айтты

    Оралхан Өміртаев
    Оралхан Өміртаев. Фото: instagram.com/omirtaevoral

    Беларусьтің "БАТЭ" командасының шабуылшысы Оралхан Өміртаев футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы сапында ойнағысы келетіні туралы айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Bel.football сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

    "Мен Қазақстан құрамасында ойнағым келеді, бұл әрбір ойыншының арманы. Ұлттық құрамаға шақырту алу – кез келген футболшы үшін үлкен мәртебе. Алдыңғы ойындарға Станислав Черчесов шақырмады, мүмкін, келесі жолы сәті түсер. Маған тек осы бағытта тыңғылықты жұмыс істеу керек", - деді Оралхан Өміртаев.

    Айта кетейік, Оралхан Өміртаев биылғы маусымда футболдан Беларусь жоғары лигасында 22 матч өткізіп, 8 гол соғып, 1 нәтижелі пас берген.

    Сонымен қатар, қазақстандық футболшы Беларусь елінің "Слуцк" клубы сапында ойнаған. Ал Қазақстанда ол "Шахтер", "Тобыл", "Ақжайық" және "Атырау" клубтарының намысын қорғаған.

    "Черчесов шақырмады": Еуропада доп тебетін футболшы ұлттық құрамада ойнағысы келетінін айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.