jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ахмет Қамшыбек
    Ахмет Қамшыбек
    Бұрынғы қызметкер

    Чемпиондар лигасы: Бүгін "Қайрат" пен "Семей" еурокубок жорығын бастайды

    "Семей" футзал клубы
    "Семей" футзал клубы. Фото: instagram.com/fcsemey

    Бүгін, 22 қазанда Алматыда қазақстандық "Қайрат" пен "Семей" футзал клубтары УЕФА Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіндегі матчтарын бастайды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Алматыда өтетін негізгі кезеңнің матчтары Балуан Шолақ атындағы спорт кешенінде өтеді. Бүгін, 22 қазанда сағат 17:00-де "Семей" футзал клубы португалиялық "Спортингке" қарсы ойнайды. Ал сағат 20:00-де алматылық "Қайрат" футзал клубы венгриялық "Халадашпен" кездесу өткізеді.

    Алматыдағы жарыс регламенті бойынша бұл төрттіктен УЕФА Чемпиондар лигасының элиталық раундына үздік 3 команда өтеді.

    Айта кетейік, бұл клубтардың ішінде "Қайрат" пен "Спортинг" футзал клубтары УЕФА Чемпиондар лигасында екі мәрте топ жарған.

    УЕФА Чемпиондар лигасының 2-3-тур ойындарының кестесі:

    • 2-тур (23 қазан):

    17:00. "Халадаш" – "Спортинг";

    20:00. "Қайрат" – "Семей".

    • 3-тур (25 қазан):

    15:00. "Семей" – "Халадаш";

    18:00. "Қайрат" – "Спортинг".

    Чемпиондар лигасы: Бүгін "Қайрат" пен "Семей" еурокубок жорығын бастайды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.